Су тасқыны: Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Өзбекстан үкіметіне сілтеме жасап.
Өзбекстанның гуманитарлық жүк тиелген көліктері Қазақстанға бағыт алды.
Министрлер кабинетінің өкімі негізінде 15 жүк көлігіне гуманитарлық жүк артылып, оларды жеткізу бойынша тиісті ұйымдастырушылық мәселелер шешілді. Жүкті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған жұмыс тобы алып барып, табыстайды, - делінген Өзбекстан үкіметінің хабарламасында.
Гуманитарлық көмекте азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім, көрпе, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықталған шатырлар, резеңке қайықтар мен басқа да қажетті тауарлар қамтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін - Мемлекеттік күзет қызметі күні
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы