Су тасқыны: Оралда Маштаков ауылының тұрғындары көшірілді

Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 наурызда сағат 20.00-де Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті.

Соның салдарынан Маштаков ауылына қауіп төнді. 70-80 тұрғын өз еріктерімен жақын-жуықтарына орналасты. Қалғандары Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне эвакуацияланды. Халықты көшіру үшін «Уралавтотранс» ЖШС автопаркінен бір автобус шығарылды. Сондай-ақ ТЖ күштерінен 76 адам, 9 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 автобус, экскаватор, 3 «КамАЗ», Орал қаласы полиция басқармасынан 6 техника, 15 адам жұмылдырылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауылға су кіріп, 44 адам эвакуацияланған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы