Су тасқыны: Өңірлерге тескеріс жүргізіліп, 356 ескерту берілді

Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров өңірлердің су тасқынына дайындығы тексерілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аумақтық төтенше жағдайлар департаменттері мен әкімдіктер қызметкерлерінің қатарындағы жұмыс топтары аудандар мен елді мекендердің су тасқынына дайындығына бағалау жүргізді. Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдіктердің су тасқынына дайын еместігі туралы 356 ескерту берілді, - деді Жомарт Асқаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ Асқаров автомобиль жолдарында 10 учаскені су басқанын айтты.

Оның ішінде біреуі республикалық маңызы бар жол (Ақтөбе облысында), облыстық және жергілікті маңызы бар 9 жол учаскесі (БҚО, Жетісу, Абай, ШҚО), сондай-ақ жергілікті маңызы бар бір автожол (БҚО) учаскесін су шайуы тіркелді. Қазіргі таңда жолдарда жағдай тұрақталды. Зардап шеккендер жоқ, барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар, - деді Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының міндетін атқарушы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы