Көктемгі су тасқыны мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрінің төрағалығымен өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері бойынша төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңесте ТЖК Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы М. М. Хасенов баяндама жасады, ол орталық және жергілікті атқарушы органдары жүргізіп жатқан су тасқыны қатерін азайту, су тасқынын қабылдау үшін су қоймаларында бос қорларды жасау, сондай-ақ гидрометеорологиялық жағдайды және елді мекендерді су басу қаупі бар іс-шаралар туралы баяндады.
Басқару органдарының, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру 26-27 ақпан аралығында өткен «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында пысықталды.
Министр қабылданып жатқан шаралар бірінші кезекте ел халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекет пен азаматтардың материалдық құндылықтарын сақтауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтарына елді мекендерді су басуы ықтимал қатерін жоюға бағытталған Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмысын жедел түрде ұйымдастыру,сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне дереу ден қою тапсырылды.
Министр өңірлердің көктемгі су тасқынына дайындығы туралы мәселелер бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ж.М. Қасымбек мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізетін кеңесте қаралатынын атап өтті.