29 Мамыр 2024 2024, 20:36

Су тасқыны. "Махамбет-Х.Ерғалиев" автожолында бөгет салынады

Атырау облысындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Атырау облысы республикалық маңызы бар Р-40 "Махамбет-Х.Ерғалиев" автожолының 13-14 шақырымындағы жол учаскесін су тасқынынан сақтау мақсатында бөгет соғылуда. Аталмыш учаскеге 2 бірлік тиегіш пен 6 бірлік қотарғыш жұмылдырылды. Тәулік бойы кезекшілік орнатылып, екі бағытта жол қозғалысы қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада.