Су тасқыны. Махамбет ауданында 105 шақырым бөгет нығайтылды
ТЖМ Атырау облысындағы су тасқынына қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің төмендеуі байқалады. Жалпы ұзындығы 105,8 км бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді, 1 млн астам қапшық төселді.
Айта кетейік, Махамбет ауданында 9 ауылдық округ, 21 елді мекен бар. Жайық өзені бойында орналасқан 17 елді мекенде құтқарушылар тәулік бойы кезекшілікте тұрып, аумақта барлау жұмыстарын жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы