16 Сәуір 2024 2024, 17:01
Фото: - архив
Су тасқыны кезіндегі мал шығыны қалай өтеледі
Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы:
- Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу. Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайтын болады;
- Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсететін болады. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;
- Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясынан» жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.