Су тасқыны кезінде әртүрлі инфекциядан қалай сақтанамыз?

Су тасқыны кезінде түрлі инфекциядан қалай сақтануға болатыны туралы ДСМ кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде су басқан аймақтардағы тұрғындарға тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында төмендегідей ұсыныстарды жариялады.

  • Ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды қолданыңыз;
  • Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;
  • Тасқын суларға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше кеміргіштер мен тасқын сулардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
  • Дәретханаға барғаннан кейін тамақ дайындамас бұрын қолыңызды сабынмен жуыңыз; 
  • Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;
  • Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (безгегі, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.) бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы