Су тасқыны кезінде 6 мың студент көмекке шыққан
Елімізде жастардың белсенділігі артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, студент жастар арасында олардың қоғамдық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда нақты шаралар жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, жастар «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетілген волонтерліктің 13 түрі бойынша да шараларға белсенді атсалысады. Бір мысал, 2023 жылы еліміздің батыс өңірінде су тасқыны орын алған кезде біздің 6000 нан астам жастар түрлі көмек көрсетуге қатысқан еді, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Белгілі болғандай, барлық өңірде, екі жылдан астам уақыттан бері студенттік омбудсмендер жұмыс істеп жатыр.
Бұл ақы төленбейтін, нағыз қоғамдық жұмыс. Олар студенттер арасындағы түрлі проблемаларды дереу қабылдап, шешу жолын бізбен бірге қарап отырады. Биыл студенттерден омбудсмендерге 6000 нан аса оқу ісіне, жатақхана, стипендия, ұйымдастырушылыққа қатысты сұрақтар бойынша өтініштер түскен. Еріктілікті, қоғамдық белсенділікті дамыту Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында қарастырылған. Оның биылғы көрсеткіші 45%-ды құрайды. Олар негізінен ЖОО жанына құрылған түрлі студенттік өзін өзі басқару ұйымдары арқылы жүргізіледі. Бүгінде 120 астам түрлі клубтар, оның ішінде экоклубтар бар, 100 ден аса дебаттық топтар мен 100-ге жуық парламенттер құрылған, - деді Ақерке Абылайхан.