Су тасқыны. Гуманитарлық жүк ақылы жолдан тегін өткізіле ме

Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Көлік министрлігі және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын хабарлайды. 

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы