Су тасқыны: елімізде маңызы бар 13 тас жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет су тасқынына байланысты елімізде қандай тас жолдардың жабылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 09:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8485 метр болатын су тасқыны болды. 6 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (еск -ұзындығы 618 км) көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі жолдарда шектеу қойылды, - деді Сәкен Ділдахмент орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Олар:

1. Ақмола облысы:
- «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 120-184 шақырымы. 
- «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 856-917 шақырымы.
2. Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» тас жолының 3-92 шақырымы. 
3. Атырау облысы:
- «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 4-119 шақырымы. 
- «Мұқыр - Құлсары» тас жолының 0-136 шақырымы.
4. Қостанай облысы:
- «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 шақырымы. 
- «Денисовка Тавриченка - Аршалы - Комаровка» тас жолының 42-96 шақырымы. 
- «Қостанай - Жақсы - Қарабұтақ - Қостанай» тас жолының 4-5 шақырымы.

5. Маңғыстау облысы:
- «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 210-220 шақырымы. 
6. Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Рощинское - Корнеевка - Волошинка» тас жолының 0-47 шақырымы.
- «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 869-875 шақырымы. 
- «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 835-856 шақырымы. 
- «Челябинск-Новосибирск» тас жолының 525-530 шақырымы.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 техника мен 853 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы