Су тасқыны. Екі өңірде құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатыр - министр
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде су тасқынынан бүлінген 2 мыңнан астам үйлер жөнделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су тасқыны салдарынан 18 005 тұрғын үй объектісі зардап шекті. 17 295 объект бойынша техникалық тексеріс нәтижелері бар. Тексерілген объектілер бойынша 2245 тұрғын үй салу, жылжымайтын мүлік нарығында 5,235 тұрғын үй сатып алу және 9 819 объектілерін жөндеу жоспарланған.
Бүгінгі таңда 1828 үйдің құрылысы басталды, бұл жоспарланған көрсеткіштің - 81 пайызы, – деді Шарлапаев үкімет отырысында.
Министр Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыстың қарқыны төмен екенін айтты.
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында әлі күнге дейін 2122 үй су астында. Солтүстік Қазақстан облысындақұрылыс қарқыныны жақсы. Бүгінде 53тұрғын үй пайдалануға берілді, – дейді Шарлапаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Егіндікөл, Қорғалжын аудандары". Үкімет өңірлердегі су тапшылығын қалай шешетінін айтты
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы