Су тасқыны: БҚО-да болған 11 эвакуациялық пункт біртіндеп жабылып келеді
Батыс Қазақстан облысына ТЖ режимі енгізілгелі бері қоғамдық штаб өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның негізгі жұмысы – эвакопункттердегі тұрғындардың жағдайын қадағалау, олармен кездесу, қандай көмек көрсетілетінін жеткізу, суға кеткен үйлердің құжатын жасауға жәрдемдесу, ақпараттық және т.б. көмек көрсету.
Сонымен қатар, эвакуация пункттерінде болмаған заттарды жеке кәсіпкерлердің, волонтерлердің көмегімен алынды, деді БҚО қоғамдық штабының мүшесі Архат Исламғали ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Оның мәліметінше, өңірде 11 эвакуациялық пункт болған, қазір олардың саны азайып келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жедел жәрдем" жүргізушісі есін жоғалтуы мүмкін емес – сотталушы
Өзгелердің жаңалығы