Су тасқыны болған аймақта жіті ішек инфекциясы тіркелген жоқ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны болған аймақтардағы орталықтандырылған су көздерінен 7616 ауыз су сынамасы алынған.

Эвакопункттерде жіті ішек инфекциялары, «А» вирустық гепатиті жағдайлары тіркелген жоқ. Улану мен инфекциялық ауруларға жол бермеу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде барлық өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары сумен жабдықтау көздерінің объектілеріне бақылауды күшейтті. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізуде. Су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деді ресми өкіл.

Медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау пункттерінің және емханалардың жұмысы күшейтілген.

Арнайы мобильдік бригадалар құрылды. Олар қажет болған жағдайда уақытша орналастыру пункттеріне барады. Уақытша орналастыру пункттерінде 1 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 244 дәрігер, сондай-ақ 80 психолог медициналық және медициналық-психологиялық тәулік бойы көмек көрсетуде,-деді Әйгерім Оразалиева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы