Су тасқыны бізге сабақ болды – Сарайшық тұрғыны ТЖ режимі туралы

Махамбет ауданына қарасты Сарайшық тұрғыны, зейнеткер Нұргүл Алпысбаева ауылды тасқыннан қорғауға қатысқан бейбіт күннің батырларының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ауылдың өміріне белсенді араласып жүрген зейнеткер тасқын кезінде сарбаздар мен бөгет басындағы ерлерді тамақтандырған.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім етті.

Бейқам отырған халық едік, тасқын қаупі туралы естігеннен кейін, ауыл тұрғындары болып, штаб құрып, бөгет салуға кірісіп кеттік. Ауылымызға тіпті, жас балалар, жүкті аналар мен үлкендерді қауіпсіз аймақтарға шығару туралы хабарламаны да алдық. Сырқаты бар үлкен кісілердің біразы қалаға кетті. Бастапқыда үрей болғаны рас, бірақ, сарбаздар келгеннен кейін үміт пайда болды. Ауылдың ер азаматтары, жастар бөгет бойында сарбаздармен бірге жүрді. Біздер аналар келіндерімізді ұйымдастырып, ыстық тағам, көже, бауырсағымызды дайындап жүрдік. Бөгет басында күні - түні ұйқысыз жүрген кездеріміз болды. Оңай болған жоқ. Қай күнде де жайбарақаттыққа салынуға болмайды екен. Тасқын бізге осындай сабақ қалдырды, - деді Сарайшық ауылының тұрғыны Нұргүл Алпысбаева.

Еске сала кетелік, қауіпті аймақта орналасқан Сарайшық ауылында 13,6 шақырым бөгет соғылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы