Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі әлі де жоғары

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаровтың Батыс Қазақстан облысына барғанында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрлан Байбазаров облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен су тасқыны жағдайы жөнінде жедел кеңес өткізді.

Кеңесте өңірде су тасқыны қаупі әлі де жоғары екендігіне назар аударылды.

Айта кетейік, қазір облыстың 5 ауданы мен Орал қаласында бірнеше тұрғын үйді, сондай-ақ Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің телеграмм арнасынан
Өзгелердің жаңалығы