Су тасқыны басталғалы 96 472 адам құтқарылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су тасқыны кезінде 31640 бала, тартылған әуе-кемелері мен 2823 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылған. Уақытша орналастыру пунктерінде 7605 адам, оның ішінде 3474 бала орналастырылған.
82559 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды. Зардап шеккен өңірлерге 167935 кг гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 8,5 млн текше метр ергіен қар суы сорылды. 1 млн 300 мың қапшық және 1 млн тонна инертті материал төселді. 2750 тұрғын-үй мен 1816 аула аумағынан су сорылды. Тәулік бойы авариялық құтқару жұмысьтарына 4295 адам,2651 техника, 469 су сорғыш техникасы және 139 жүзу құралы мен 10 әуе-кемесі жұмылдырылды. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3400 жеке тұрғын үй және 336 аула аумағында су астында қалуда, - деді Ерасыл Сайпаш.
Оның айтуынша, көлік қатынасынсыз қалған 69 елді мекен бақылауда тұр.