7 Сәуір 2024 2024, 10:14

Су тасқыны басталғалы 4 мыңнан астам су сынамасы зерттелді

Денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз су тасқыны жағдайлары орын алған өңірлерде ауыз сумен жабдықтау сапасына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз су тасқыны жағдайлары орын алған өңірлерде ауыз сумен жабдықтау сапасына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің нысандарына күшейтілген бақылау жүргізуде.

Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 133 сынама анықталды.

Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.