Су тасқыны басталғалы 117 800 адам эвакуацияланды
Бұл жайлы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ерасыл Сайпаштың айтуынша, 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылған. Сондай-ақ, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселген.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 071 адам өз үйлеріне оралды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8914 адам, оның ішінде 4019 бала эвакуациялау пункттерінде орналасқан,-деді спикер.
Су басу қаупіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы біршама елді мекендегі тұрғындар эвакуациялап, қауіпсіз жерге көшірілген.
Тимирязев ауылдарынан, Қызылжар ауданының Соколовка, Барневка, Долматов ауылдарынан, Петропавл қаласының Ойқала, Кожевенный шағын аудандарынан, Заречный кентінен, Ақмола облысы Жарқайың ауданының Львовское ауылынан, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал ауылдарынан, Қостанай облысы Жангелді ауданының Байтұрсынов ауылынан 2475тұрғын алдын ала эвакуацияланды және жөнелтілді, - деді ТЖМ өкілі.