8 Сәуір 2024 2024, 09:38

Су тасқыны: Баспанасыз қалған мұғалімдер биыл аттестациядан өтпейді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады, - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін аттестацияның жаңа ережесі жайлы жазған едік.