Су тасқыны. Атыраулық полицейлер гуманитарлық көмек жөнелтуге атсалысуда
Атырауда полицейлер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелту жұмыстарын ұйымдастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, елімізде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету шаралары қарқын алуда.
"Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры қайырымдылық жұмыстарына ерекше ден қоюда. Жиналған гуманитарлық көмекті жөнелту жұмыстарына Атырау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері атсалысуда.
Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық қажеттіліктер салынған көмек ертең жолға шығады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытау облысында су тасқыны кезеңі штаттық режимде өтіп жатыр
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы