Су тасқыны. Атырау облысында жағдай тұрақталды

Атырау облысының Жалғансай кентінде жағдай тұрақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы түнде елді мекенде қорғаныс бөгетінің шайылуы жойылды.

Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылды.

Бұл Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, жол төсемінің бойында ұзындығы 800 м және биіктігі шамамен 1,5 м жер білігі тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы