Су тасқыны. Атырау каналдарында бос орындар дайындалып жатыр

Атырауда тасқын суын қабылдау үшін каналдарда бос орындар дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазсушар" мекемесінің Атырау облыстық филиалына қарасты 4 каналда тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындалып жатыр. 

Атап айтқанда, Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын каналдарына вегетация маусымына жиналған су Каспийге жіберіліп жатыр. Осының нәтижесінде Соколок каналы 2 млн текше метр, Сарыөзек каналы 3 млн текше метр, Бақсай каналы 7 млн текше метр және Нарын каналы 4,5 млн текше метр су қабылдай алады. 

Бұдан бөлек, "Қазсушар" мекемесі Сарыөзек каналының 5 шақырымында түп тереңдету жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ канал жанынан 50 шақырым су бөгеті салынып жатыр және қорғанысты нығайту мақсатында каналдың жағасы қапшықтармен қосымша 4-5 метрге көтерілді, - делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы