5 Сәуір 2024 2024, 11:38
Фото: скриншот
Су тасқыны. Астана маңындағы Талапкерде қауіп сейілді
Бүгінгі таңда Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы шиеленісті жағдай сейілді Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы шиеленісті жағдай сейілді Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, су басқан 26 тұрғын үйдің ішінен 20 аумақтан су сорылды.
Қазіргі уақытта 6 ауладан су айдау жұмыстары жалғасуда. Жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмейді. Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40 астам бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.