Су тасқыны. Әскери қызметшілер көмекке келіп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар мен жергілікті тұрғындарға Астана және Қарағанды қалаларынан барған Қарулы күштер әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмектесуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Астана" ӨңҚ 31775 әскери бөлімінің жүз әскери қызметшісі "Қызылжар су" сумен жабдықтау компаниясының аумағындағы жұмыстарға қатысуда. Мұнда олар биіктігі 180 см және ені үш метр құм салынған қаптардан қорғаныс бөгетін тұрғызды.
Мен өзім Петропавлданмын. Мен үшін осындай қиын уақытта жерлестерге көмектесу мүмкіндігі болғаны өте маңызды. Командирлерім мен әріптестерім менімен бірге, оларға өте ризамын. Суға тосқауыл қою үшін бәрін жасаймыз, – деді 31775 әскери бөлімінің сарбазы Илья Смагин.
Әскери қызметшілердің басқа топтары Бескөл ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, сонымен қатар облыс орталығының тұрғындарына ауыз су тасымалдаумен айналысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зардап шеккен өңірлерге қосымша 500 арнайы техника жолға шықты
Өзгелердің жаңалығы