Су тасқыны. Арандатушы деструктивті адамдар тобы пайда болды

Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев ТЖ кезіндегі халыққа көрсетіліп жатқан қызмет туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдай режимін пайдаланып, түрлі арандатушы деструктивті адамдар тобы пайда болды. Олар халық арасында теріс, жалған ақпараттар тарата бастады. Қоғамдық штаб қиын кезеңде елдің бірлігін сақтау және халыққа дұрыс ақпарат беру мақсатында құрылды. Соңғы екі аптада 3000-нан астам адамды қабылдап, кеңес бердік, - деді Ерқұл Дәулетбаев.

Штаб құрамында заңгерлер, нотариус, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, кәсіпкерлер, белсенділер бар. Барлығы 17 адамнан тұратын штаб тасқыннан зардап шеккендерге құқықтық - консультациялық қызмет көрсетіп жатыр.

Қоғамдық штаб гуманитарлық көмекті төрт пункт арқылы таратуды, дәрі-дәрмекті сырқат адамдарға медициналық қызметкер арқылы жеткізіп отыру мәселесін де жолға қойған.

Еске сала кетелік, Қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетіп жатыр.

Байланыс телефондары:

8700 245 9329

8775 711 8354

8775 361 1438

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы