11 Сәуір 2024 2024, 20:21 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Су тасқыны. Ақтөбенің Мамыр ауылынан 33 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысының тағы бір ауданынжа адамдарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының тағы бір ауданында адамдарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Ырғыз ауданының аумағында Торғай өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылының елді мекенін су басу қаупі туындады. Осы минуттарда ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тұрғындарды Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды, - делінген хабарламада.