Су тасқыны. Ақтөбелік 7 кәсіпкерге өтемақы төленді
Ақтөбе облысының 7 кәсіпкеріне келтірілген залал үшін өтемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 67 шағын және орта бизнестің субъектісі зардап шекті. Оның 38-і өтемақы алу үшін аймақтық комиссияға жүгінді.
Бүгінде 34 субъектінің өтініштерін комиссия жалпы сомасы 412,3 млн теңгеге мақұлдады. 4 кәсіпкерге құжаттары толық болмағандықтан төлемнен бас тартылды. Қазір 7 кәсіпкерлік субъектісіне су тасқынынан келтірілген залал бойынша жалпы сомасы 112 млн теңгеден астам өтемақы төленді. Қалған жобалар бағалау компанияларында әзірленуде, - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кету керек, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 733,5 млнстеңге бөлінді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы