Су тасқыны. Ақтөбедегі Әйке ауылынан 188 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Әйке ауылында эвакуация жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Әйке ауылынан үрлемелі қайықпен барлығы 188 адамды эвакуациялады, оның 44-і бала. Эвакуацияланған тұрғындар Тереңсай және Т. Жүргенов ауылдарында қауіпсіз орындарға орналастырылды. 

Сондай-ақ тікұшақпен аймақтың жағдайын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Суды азайту мақсатында Тереңсай бөгетін басқа бағытқа бұру жұмыстары жүргізілді. Мотопомпаның көмегімен 4000 текше литр су сорылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы