9 Маусым 2024 2024, 14:11

Су тасқыны: Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою процесін бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою процесін бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

​Министрліктің ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақмола облысында 1 281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

333 тұрғын үй құрылысы;

219 тұрғын үй сатып алу;

729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

​Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарғаарналған 333 үйді салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталып кетті. 219 үйдің 123-і сатып алынды. Сондай-ақ, 729 үйдің барлығында жөндеу жұмыстары басталды.

​Атбасар қаласында 165 зардап шеккен азаматтарға үшкөпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысы басталды. Сондай-ақ, 76 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 30-ы сатып алынды. Жөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі – жаздың соңы, жаңа үйлердің құрылысы қазанайында.