Су тасқыны. Алматыдан 4 өңірге гуманитарлық көмек жіберілді

2024 жылы сәуір айының 5 күні "Алтын Орда" әмбебап сауда кешенінің кәсіпкерлері мен ұжымы тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көмек Ақтөбе, Қостанай облыстарының, Торғай даласының, Амангелді өңірлерінің су басқан елді мекендеріне жіберілді.

Базарда кәсібімді дөңгелетіп отырғаныма жиырма жылдай уақыт болды. Осы аралықта біздің ұжым әкімшілікпен бірігіп талай игі істерге атсалысты. Табиғат апатынан жапа шеккен еліміздің әр түкпіріндегі бауырларымызға көмек қолын сөзу – парызымыз деп білемін. Қасиетті Рамазан айында, бүгінгі Қадір түні алдында жария садақа деп көмек қолын созып жатырмыз, - деді әмбебап сауда кешенінің кәсіпкері Салтанат Беделқызы.

Айта кетейік, көмектің жалпы көлемі 3 үлкен жүк көлігі мен жалпы көлемі 30 тоннаға жуық 1 газель болды. Логистикалық шығындарды нарық әкімшілігі де қолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Базардың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы