Су тасқыны: Алматыда 1 тоннадан аса гуманитарлық көмек жиналды
Қабылдау пункті аптаның соңына дейін өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр.
Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты. Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды, - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Айта кетейік қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.
Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.
Мекенжайы: Алмалы ауданының комьюнити-орталығы, Байтұрсынов көшесі, 22к1.
Байланыс номері: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40