7 Сәуір 2024 2024, 23:38 Фото: baq.kz

Су тасқыны: 7 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Су тасқынына байланысты ел аумағындағы 7 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқынына байланысты ел аумағындағы 7 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, 7 сәуір, сағат 22:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанайоблыстарындағы 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3430 метр болатын су тасқыны орын алды.

Осыған байланысты 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 650 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 323 техника мен 462 адам жұмылдырылған.