Су тасқыны: 6 облыстағы 12 автомобиль жолында шектеу қойылды

"ҚазАвтоЖол"республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 08:10-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 5411 метр болатын су тасқыны орын алған.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 797 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 248 бірлік техника мен 285 адам жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚазАвтоЖол
Өзгелердің жаңалығы