Су тасқыны. 48 945 адам үйлеріне оралды

Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында Торғай өзені су деңгейінің біртіндеп көтерілуіне байланысты ұзындығы 2,5 км бөгет тұрғызу жұмыстары істеліп жатыр. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мыңнан астам инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда, - делінген хабарламада.

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 945 адам өз үйлеріне оралды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 445 адам, 1 284 техника, 329 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы