Су тасқыны. 35 мың қазақстандық үйіне оралды
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Жайық өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттері салынып жатқанын айтады.
Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда, - деді спикер.
Шәріптің мәлімдеуінше, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.
Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы