Су тасқынан қырылған мал шығынын мемлекет өтемейді – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілістің кулуарында су тасқынан қырылған малдың шығынын мемлекет өтемейтінін айтты.

Су тасқыны салдарынан қырылып қалған мал сақтандырылмаған жағдайда оның шығыны төленбейді. Ол біздің заңнамада көрсетілмеген. Сол себепті сақтандандырылмаған мал шығынын мемлекет тарапынан төлемейміз, - деп айтты Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Министрдің сөзінше, егер мал сақтандырылса, онда оның көлемі толық төленеді.

Еске сале кетейік, кеше ТЖМ Комиссиялық тексеру барысында БҚО-ның шалғын кентінде 4 тұрғын үйді су басып, 15 бас ұсақ мал қырылғаны анықталғанын хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы