Су тасқыны. Эвакуацияланған 17 мың тұрғын үйлеріне оралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуацияланған Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық төтенше жағдайлар штабы аталған елдімекендерде тасқын судан келетін қауіптің жоқтығын анықтаған. Ал, қалған елдімекеннің тұрғындары қауіп толық сейілгенше уақытша эвакуациялық бекеттерде болады.Айта кетейік, ауданда тасқын су орын алғануына байланысты Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы