Су тасқыны. 620 үй жапа шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені - Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалды. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шекті, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жуық.
Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде.
Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елдімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу өтетін елдер белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы