Алматы облысында су тарифі төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Бесағаш ауыл тұрғындары үшін су тарифі төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауыл тұрғыны Д.Саттаровтың және басқа да тұрғындарының "ТАС КУМ СУ" ЖШС-ның суға жоғары тарифке қатысты өтінішін қарастырды.

Осыған байланысты, уәкілетті орган "Тас Кум Су" ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметіне 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде, 8 944,56 мың теңге негізделмеген пайда мөлшері анықталды.

Осыған орай, департаменттің 2020 жылғы 10 ақпандағы №22-НҚ бұйрығына сәйкес "Тас Кум Су" ЖШС-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне уақытша өтемдік тариф бекітілді. Бұйрық биыл жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді, - делінген хабарламада.

Сонымен, орташа тариф 1 метр кубқа 45,31 теңгеге немесе  26,9% төмендеді, дәлірек айтқанда 168,39 теңгеден 123,08 теңгеге.

Халық санаты үшін 1 метр кубқа 60,51 теңгеге төмен немесе 36,7% төмендеді, дәлірек айтқанда 165,09 теңгеден 104,58 теңгеге.

Өзге де мекемелер санаты бойынша 1 метр кубқа 72,61 теңгеге немесе 36,7% төмендеді, дәлірек айтқанда 198,11 теңгеден 125,50 теңгеге.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы