Су тапшылығын үш күнде шешу керек - әкім
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров ауылдардағы су тапшылығын үш күнде шешуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық әкімдіктің отырысында жылыту маусымына дайындық және өңірді сумен қамту мәселелері қаралды.
Адамдар сусыз қалмас үшін резервуарларда үш күндік су қоры болуы керек. Орынбасарым Сәтжан Аблалиевке, аудандар әкімдеріне үш күн ішінде су тапшылығына қатысты жағдайды реттеуді тапсырамын. Тұрғындар су мәселесіне тап болмас үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет, - деді Айдарбек Сапаров.
Аймақ басшысы ауылдардағы су тапшылығына байланысты облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевке ескерту, М.Жұмабаев, Ақжар, Аққайың аудандарының әкімдеріне, Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушыға сөгіс жариялады. Сондай-ақ, аталған аудан басшыларының су мәселесіне жауапты орынбасарлары да сөгіс алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы