Су спорты: ерлер және әйелдер құрамасы Азия біріншілігінде қола медаль алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.
Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 9:8.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар, ерлер құрамасы да қола медаль жеңіп алды. Олар қарсыластары Жапония құрамасынан 16:14 есебімен басым түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы