Су шатырмен бірдей. СҚО-да су арнайы техникамен сорылады

СҚО-да бөгеттер арқылы су айдау үшін мотопомпаларды, сорғыларды және су айдау жабдықтары тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов айтты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярмен бірге қайықпен Ойқала ықшам ауданындағы су тасқынының ауқымын бағаладық. Қазір шағын ауданның негізгі бөлігі суда тұр.

Екі күн бұрын Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады. Су кеткенде, Ойқала жабық «қазанның» күйін кешеді. Сондықтан бөгеттер арқылы су айдау үшін мотопомпаларды, сорғыларды және су айдау жабдықтарын барынша тарту қажет болады. Петропавл қаласының әкіміне бұл жұмысты қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырдым, - деп жазды өңір басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы