Су ресурстарын басқару цифрлық форматқа көшіріледі
Су тұтыну процестері автоматтандырылып, 2027 жылдың соңына дейін барлық су қоймасын цифрландыру жоспарланып отыр.
Президенттің тапсырмасы бойынша Су ресурстарының ұлттық цифрлық жүйесі әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жүйе су пайдаланушылармен өзара іс-қимылдың барлық кезеңін – өтінім беруден бастап, тұтынылған су үшін ақы төлеуге дейінгі процестерді автоматтандырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстарының ұлттық цифрлық жүйесі әзірленді. Су тұтынуға өтінім беруден бастап, ақы төлеуге дейінгі барлық процесс автоматтандырылды, – деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар бес су қоймасының цифрлық егізі жасалды. 2027 жылдың соңына дейін барлық су қоймасын цифрлық егіздермен қамту жоспарланып отыр.