Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аса маңызды – Атшабаров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік бағдарлама алдағы 10 жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Бұл тиісті қаржыландыруды, оның ішінде, мысалы, су нысандарын қалпына келтіруді, суару жүйесінің құрылысын қамтамасыз етеді деді Қазақстанның су шаруашылығы қауымдастығының президенті Нұрлан Атшабаров.
Еліміздегі 8 өзен бассейнінің 7-еуі трансшекаралық. Біз ішінара суды сырттан аламыз. 50%-ы республика ішінде қалыптасады, шамамен 50%-ы - сырттан. Біз трансшекаралық өзендер туралы, суды бөлу туралы, оны жеткізу көлемі туралы келісімге келуіміз керек. Сонымен қатар, Қазақстан осы бассейндердің соңында орналасқандықтан, сумен қамтамасыз етуде үлкен айырмашылықтар туындайды. Су ресурстарын басқаруға ел басшылығының мұқият назар аударуы суды, оның ішінде, көктемгі су тасқыны кезінде арнайы су қоймаларында үнемдеу қажеттілігімен түсіндіріледі, - деді ол.Сарапшы айтқандай, бұл экономика, экология және ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттіліктері үшін су қорын құруға мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл мәселелерді үнемі шешіп отыру қажет, олардың көпшілігі мемлекеттік деңгейде шешіледі. Бізде Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жұмыс істейтін арнайы комиссиялар бар, - деді ол.Айта кетейік, жуырда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы кезінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президентке суды басқарудың мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы