Су құбырына бөлінген 6,4 млрд теңге жымқырылған
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"КазТрансОйл" АҚ-ның еншілес компаниясы - "Магистральдық Суағызғысы" квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деп күдіктелуде.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған.
Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Солтүстікке көш" жобасы әлеуметтік серпін бе, амалсыз шешім бе?
Келесі жаңалық
Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы