Су қалай пайда болды? – ғалымдар қызық теорияны түсіндірді

Тіршілік көзі су қалай қалыптасты? Ғалымдар келесідей қорытынды шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Discover порталына сілтеме жасап.

Ғалымдар энстатитті хондритті – құрылымы мен құрамы бойынша алғашқы Жер материалына ұқсас метеоритті зерттеген. Антарктидадан табылған бұл үлгі LAR 12252 деп аталады. Оны зерттеу кезінде рентгендік сәулелер арқылы құрамында күкіртсутегі көп аймақтар анықталған. Бұл заттар сырттан келген жағдайда ондай терең деңгейде болуы мүмкін емес еді.

Зерттеу авторларының бірі Том Берреттің сөзінше, бұл күкіртсутектің жер бетіндегі ластанудан пайда болғаны өте күмәнді. Сондықтан бұл дерек “Жердегі су – планетаның өз ішінде пайда болған табиғи құбылыс” деген теорияны растап отыр.

Бұл жаңалық су Жерге тек метеориттермен келген деген бұрынғы болжамдарға балама түсінік ұсынады және Жердің пайда болу тарихын қайта қарауға негіз болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы