Су мен жарықтың бағасы тағы қымбаттай ма? - Министр жауап берді

Биыл да су және электр энергиясы тарифінің бағасы өседі. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Министр 2024 жылы коммуналдық тарифтердің қымбаттайтыныны айтады.

Электр энергиясы бойынша орташа өсім – 20-30%. Бұл субъектінің қуатына байланысты. Сондай-ақ судың тарифі де өте төмен. Былтыр мен Батыс Қазақстан облысында болдым. Онда судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Су – өте маңызды ресурс. Сондықтан оны үнемдеуіміз керек. Тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан мұнда (су тарифін) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф (бағасы) өседі, - деді Әлібек Қуантыров үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы