Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 наурыз – 5 сәуір аралығында толассыз жауған жауын мен күннің күрт жылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі жоғары екенін ескертеді.
"Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейлерінің күрт көтерілуі, жергілікті және бүйірлік ағынның қалыптасуы мен мұз кептелістері болады" - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер 30 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 31 наурыз–1 сәуірде кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ болуы мүмкін екенін ескертеді.
"Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, 31 наурыз күндіз кей жерлерде дауыл соғады. 31 наурыз күні күндіз, 1 сәуірде облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін" - дейді синоптиктер.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %