Су добынан қазақстандық құрама әлемдік ерлер лигасының суперфиналына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тбилисиде (Грузия) су добынан ерлер әлемдік лигасының суперфиналы өтеді. Турнирге Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Қазақстандық су добының шеберлері Жапония, Грузия және Италия командаларымен бірге А тобына түсті. 

В тобына Черногория, АҚШ, Греция және Франция командалары енген.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Италия командасымен кездеседі. Ойын Нұр-сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы